|
14.06.2022 | 18:49
7906

Наурызбай ауданында ойын және спорт алаңы салынады

Олар «Халықтың бюджетке қатысуы» жобасы аясында іске асады

Наурызбай ауданында ойын және спорт алаңы салынады

Наурызбай ауданында тұрғындардың ұсынысы бойынша «Халықтың бюджетке қатысуы» жобасы аясында балалардың ойын және спорт алаңдары салынады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Өткен жылы Қонаев көшесін Яссауи көшесінен Әшімов көшесіне дейін кеңейту жұмыстары аяқталды. Осы аумақтағы бос учаскелерде ойын және спорт алаңын салатын болады. 

Жобада жарықтандыру, спорттық құрылғылармен жабдықтау, көгалдандыру қарастырылған. Бүгінде құрылыс жұмыстарына келісімшарт жасалды. Екі жобаның әрқайсысының жалпы құны – 51 млн теңге.

Биыл Наурызбай ауданы тұрғындарының жобаларына 1,3 млрд теңге бөлінді. Дауыс беру қорытындысы бойынша іске асыруға жіберілген жобаларды аудан әкімдігі 2023 жылы орындайтын болады.

2021 жылы Наурызбай ауданына «Халықтың бюджетке қатысуы» жобасын жүзеге асыруға 1,3 млрд теңге бөлінді. 2022 жылдың көктемінде Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың ұсынысы бойынша сома 500 млн теңгеге ұлғайтылды. Осылайша, 2022 жылы «Халықтың бюджетке қатысуы» аясында ауданда құны 1,8 млрд теңге болатын 2021 жылғы 47 жеңімпаз – жобаларды іске асыру жоспарлап отыр.

«Халықтық бюджетке қатысуы» бағдарламасының мақсаты – қала тұрғындарының бастамалары мен ұсыныстары негізінде Алматы аудандарының аумақтарын дамыту және абаттандыру.

Алматылықтар 20 шілдеге дейін budget.open-almaty.kz порталы арқылы өтініш бере алады.Ол үшін өтінімді толтыру (жобалық ұсыныстың атауы, оның сипаттамасы, объектінің мекенжайы) қажет, жобалық ұсыныстың эскизі мен сметасын міндетті түрде бекіту қажет. Бір жобаның ең жоғары құны 61,2 млн теңгеден аспауы тиіс.

Жобалық ұсыныстар келесі критерийлерге сай болуы тиіс:

  • бір автор – бір өтінім – бір объект;
  • нысанды жалпы пайдаланудағы қолжетімділік шексіз;
  • нысан оны жүзеге асыру жоспарланған аудан аумағында жалпы пайдалану учаскесінде орналасуы керек;
  • әкімдіктің құзыреті шегінде болуы керек.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир