Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров ҚХА қоғамдық құрылымдарының, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің мүшелерінің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, БАҚ өкілдерінің қатысуымен Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін Алғыс айту күнінің 5 жылы. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының бастамасымен 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күні атап өтілетін мереке. Ержан Бабақұмаров Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс айту күнінің институционализациялаудағы рөлін атап өтіп, ҚХА Кеңесінің мүшелеріне этносаралық келісімді, бейбітшілік мәдениеті мен қоғамдағы диалогты, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға қосқан үлесі үшін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атынан алғыс хаттар табыс етті.
Отырыс барысында өткен жылғы жұмыс қорытындылары шығарылып, қаладағы этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі кешенді шаралардың іске асырылу барысы және осы бағыттың ағымдағы міндеттері қаралды. 2020 жылы Ассамблея 182 қайырымдылық іс-шарасын өткізді, 9346 мұқтаж азамат пен 2647 отбасы 60 млн тг астам сомаға көмек пен қолдау алды. Алматы қаласында этносаралық қатынастарды одан әрі дамыту Тұжырымдамасының жобасы және оны іске асыру Жоспары әзірленді.
Алматы қаласы ҚХА кеңесінің мүшелері алғыс айту күнінің маңыздылығын атап өтті.
«Алғыс айту мерекесі қазақ халқының қайырымдылығы мен кеңдігінің арқасында өзара түсіністік, тұрақтылық ошақтары жағылған біздің мемлекеттегі мейірімділіктің, адамгершіліктің дәніне айналуы мүмкін. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс бірікті, елімізде әлем халықтарының достығы мерекесі, дәстүр достығы мерекесі, мәдениет достығы мерекесі құшақ жая қарсы алды. Алғыс айту күні көпұлтты Қазақстандағы этностардың жалпы тарихын құрметтеу күні, дәстүрлерге адалдық және әлеуметтік ынтымақтастық пен өзара көмекті қолдау күні атап өтіледі. Бұл күнді мейірімділік, қол алысу және рухани дәстүрлер күні деп атайды», – деді «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы филиалы төрағасының орынбасары Қазақбай Қасымов.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматыда этномәдени бірлестіктер мен еріктілер корпусының қатысуымен бірқатар қайырымдылық акциялары өткізіліп жатыр. Алғыс айту күніне орай офлайн және онлайн форматтарда әр түрлі деңгейдегі 100-ден астам іс-шаралар өтуде.