Ескі де есті әндер: Алматыдағы «Астана» алаңында «Жұлдызды live» концерті өтіп жатыр

18.09.2022 23:52

Сахнада «МузАрт, «Кешью», «Орда», Бүркіт пен Аиша және басқа да әншілер өнер көрсетеді

Almaty.tv

Танымал хит әндер мен керемет қойылымдар! Мың бұралған бишілердің делебеңді қоздырар әрбір қимылы көрермен көзін жіпсіз байлайды. Алматыдағы «Астана» алаңында «Жұлдызды live» концерті өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала күні мерекесіне арналған қорытынды іс-шаралардың біріндегі атмосфера шынымен де ерекше. Бүгін алматылықтар сүйікті өнерпаздарының әндерін тыңдауға жиналды. Сахнада «МузАрт, «Кешью», «Орда», Бүркіт пен Аиша және басқа да әншілер өнер кеөрсетті. Олар жаңа әндерін паш етті.

«Саханада 35-40 әртіс өнер көрсетеді. Қала күніне арналған мерекелік ән шашу қнайды деп ойлаймын», – деді ұйымдастырушы Айдана Рыскелдиева.

«Осыдан бір-екі жыл бұрын қазақтың талантты аруы Балжамал деген қарындасыммен «Мың бояулы Алматы» деген әнді жазып шыққан болатынбыз. Сол әнді қала күнінде орындау бақыты бұйырып тұр екен», – деді әнші Мақсат Рахметов

«Қала тұрғындарын Алматы қаласының туған күнімен шын жүректен құттықтаймын», – деді әнші Балжамал Нұрбекқызы.

Қала тұрғындары мен қонақтары осы сәтті асыға күткенін жарқын жүздерінен байқауға болады. Жиналғандардың қарасы көп. Ескі де есті әндерді бірге шырқауға келгендер. Көбі жастар.