Референдумға дейін:
17
күн
13
сағат
12
минут

Медеу ауданында күрделі жөндеуден өткен «Шухов» саябағы ашылды

Медеу ауданында күрделі жөндеуден өткен «Шухов» саябағы ашылды
Жалпы аумағы 3,5 га болатын аумақта екі бірдей футбол және волейбол алаңы, сондай-ақ жарыс жолы бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Медеу ауданында күрделі жөндеуден өткен «Шухов» саябағы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жалпы аумағы 3,5 га болатын аумақта екі бірдей футбол және волейбол алаңы, сондай-ақ жарыс жолы бар.

«Ауданды көркейтуге бастама болған Медеу аудандық әкімшілігіне алғыс айтамыз. Саябақ тазарып, әдемі болып, мәдени мәнге ие болып тұр. Өте керемет!» – деді Медеу ауданының тұрғыны Владимир Слонов.

«Бұл жоба «Жұмыспен қамту жол картасының – 2020» бағдарламасының аясында іске асырылған. 100-ге жуық уақытша жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 50 адам «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бойынша жұмыспен қамтамасыз етілген», – деді Медеу ауданы әкімінің орынбасары Диас Ахметқалиев.

Айта кетейік, «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасының аясында Медеу ауданында республикалық бюджет есебінен 9 жоба іске асырылып, 370 азамат еңбекпен қамтылған.

Новости партнеров