Бақытжан Сағынтаев қарияларды Халықаралық қарттар күнімен құттықтады

01.10.2020 в 23:53

Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қарияларды Халықаралық қарттар күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды. 

«Кеудесі шежіреге толы ата-әжелеріміз –  асыл қазынамыз. Қоғамның белсенді мүшелері болып табылатын қарияларымызға айтар алғысымыз шексіз. Сіздер жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда үлгі-өнегесіздер. Сіздерге денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеймін!» – деп жазады қала әкім.