430 тонна арнайы материал пайдаланылды
Алматы қаласында 1 сәуірде таңертең жаңбыр жауып, арты қарға ұласты. 18.00-дегі жағдай бойынша тау етегіндегі аудандарға 10-12 см, қалада 3-5 см қар жауды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қаланың жоғарғы бөлігінде көктайғақтың алдын алу үшін, қар жауғаннан бастап, жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, қар тазаланып жатыр. Қаланың орталық бөлігінде мұндай жұмыстар 17.00-де басталды. 430 тонна арнайы материал пайдаланылды.
Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын, жер үсті өткелдерін және ортақ пайдаланылатын жерлерді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қар тазалау жұмысына 491 техника бірлігі, оның ішінде 114 құмлақтырғыш пен 1073 жол жұмысшысы жұмылдырылған.
Түнгі уақытта 371 арнайы техника, оның ішінде 127 құмлақтырғыш, сондай-ақ 400-ге жуық жол жұмысшысы шығады деп жоспарланған.
Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.