Алматыда жыл басынан бері 460 қандасымыз азаматтық алған

28.08.2021 04:42

Азаматтық алған этникалық қазақтар өзге елде қалған туыстарын қасына алу үшін шақырту да жібере алады

Алматыда жыл басынан бері көші-қон қызметінің көмегіне 2 мыңға жуық қандасымыз жүгініп, соның 460-ы азаматтық алған. Мұндай нәтижеге заңнама талаптарының жеңілдеуі әсер етті, дейді мамандар, деп хабарлайды Almaty.tv

Себебі, бұрын тарихи Отанына оралғысы келетіндер 1 жыл жүріп азаматтыққа қол жеткізсе, қазір оңтайландырылып, 3 айға қысқарыпты. 

«Қазақстанның азаматтығын алып, қазір осы жерде тұрып жатырмыз. Біз ол кезде оралман құжатының уақыты бар екенін білмедік. Жұмысымызға қандай кедергісі барын да түсіне алмадық. Артынан осындай жеңілдіктер шыққаннан кейін азаматтық алдық», – деді қандас Сәулеш Сапархан.

Одан бөлек, азаматтық алған этникалық қазақтар өзге елде қалған туыстарын қасына алу үшін шақырту да жібере алады.

«Көбінесе шетелден Қытай елінен 30 пайыздай, Ресейден 50 пайыз, Қырғызстан, Өзбекстаннан 4 пайыздай этникалық қазақтар көшіп келіп жатыр. Бұл кісілер тікелей біздің басқармаға жүгіне алады, болмаса ХҚКО барып өтініш берсе болады», – деді қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының көші-қон жүйелері бөлімінің басшысы Мырзан Маринов.

Теги: Қандастар