Ерболат Досаев Ақжар шағынауданындағы сумен жабдықтауға арналған каскадты сорғы станциясының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Наурызбай ауданына жұмыс сапары аясында Алматы әкімі Ерболат Досаев Ақжар шағынауданын сумен жабдықтауға арналған каскадты сорғы станциясының аумағына барды.
– Наурызбай ауданында сумен қамтамасыз ету проблемасы аудан аумағы мегаполиске қосылғаннан кейін пайда болды және бұл мәселе 10 жылдан астам уақытқа созылып келді. Бүгінде сорғы станциясы салынды. Басты міндет – тұрғындарды тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету. Біз жүзеге асырып жатқан жобалар тұрғындар таудағы су көзіне тәуелді болмауын шешуге мүмкіндік береді, – деді Ерболат Досаев.
Құрылыс жұмыстары осы жылдың мамыр айында басталды. 1 тамызда станция пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта су беру штаттық режимде жүзеге асырылуда.
– «Ақжар» сорғы станциясы Ақжар шағынауданын сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Негізгі технологиялық цикл «Премьера» сорғы станциясынан басталады. Біз суды Ақжар шағынаудандағы Райымбек көшесінен Жандосов көшесіне дейін 1 тамыздан бастап су беріледі. Сондай-ақ Ақжар шағынауданында су және кәріз желілерін төсеу жұмысы жүргізілуде, олар 80% орындалды. Жұмыстарды ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз, – деді Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Талғат Малыбаев.
16 тамыздағы жағдай бойынша Ақжар шағынауданында 3600-ге жуық жеке үй, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үй құрылысы мен білім беру мекемелерінің ғимараты жыл бойы суға үздіксіз қолжеткізді. Сумен жабдықтаудың жаңа желілерін салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуына қарай бірқатар көшелердің абоненттері қосылады. Нысан жобалық қуаттылыққа шыққаннан кейін 22 мыңнан астам тұрғыны бар шағынауданның 5 мыңға жуық үйі ауыз сумен қамтамасыз етілді. 2023 жылдың соңына дейін Қарғалы өзенінде жаңа сүзгі станциясының құрылысы, 2025 жылдың соңына дейін Ақсай өзенінде осындай сүзгі станциясының құрылысы аяқталады.
Наурызбай ауданының және Алматы облысының 150 мың тұрғынын тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жоба бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Qazaq Stroy Almaty» ЖШС-мен бірлесіп қолға алынған.
– Тереңдігі 300 метр 5 скважина бұрғыланды, сорғы станциясы орнатылды және Алатау-Абайдың екінші көтергіш сорғысына су жиналды. Мұнда 5-10 мың текше метр су жинайтын екі резервуар салынды. Сондай-ақ Ақжарға су жіберетін сорғы станциясы орнатылды. Сумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін тәулігіне сағатына 360 текше метр су жібереміз. Бұл сорғы станциясы қазір тоқтаусыз жұмыс істейді, – деді «Qazaq Stroy Almaty» ЖШС бас энергетигінің орынбасары Төлеген Жанғұрбаев.
Жүргізілген жұмыс барысын тексеруді қорытындылаған қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарын сапалы және үздіксіз сумен қамтамасыз ету жұмысын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.
Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев Алматы халықаралық әуежайын дамыту жөнінде кеңес өткізді