|
21.03.2022 | 20:00
4962

Алматылықтар Наурыз мейрамын қалай қарсы алды

Бүгін Астана алаңына келген көпшілік мерекелік концерт тамашалап, түрлі көрме мен жәрмеңке аралады

Алматылықтар Наурыз мейрамын қалай қарсы алды Almaty.tv

Алматыда аталып өткен әз-Наурыз мерекесі ұлттық өнер мен дәстүрді жоғары деңгейде дәріптей білді. Мұндай пікірді бүгін Астана алаңына келген көпшілік жарыса айтты. Мейрамда бас қосқан жұртшылық дәстүрлі ұлттық киімді қала жұрты сәнге айналдырыпты деп қуана айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Алматының төрінде тойланған Әз-Наурыз шаһар тұрғындарының көңілін көтеріп, мерейін үстем ете түсті. Киелі сахна маңына жиналған жұршылықтың ыстық лебізі, сағынышы сезіліп тұрды.

«Осындай қазағамыздың наурыз мерекесін дәстүрімізді дәріптеп, осы халыққа, ұрпақтарға таныстырып, осындай бір керемет үлкен алаңда өткізіп отырғанына рахмет! Өте керемет болып жатыр міне, таңертеңнен бері жүрміз осында», - деді қала тұрғыны Ділбар Қабылова.

Көпшілік дәстүрлі киіміміз жыл санап сәнге айналып келеді деп ризашылығын білдірді. Көрікті кимешек, сәукеле, оюлы сырмақтар көрмесінің ұйымдастырылуы соны дәледеп түрғандай.

«Қазағымның салт-дәстүрін дәріптеп, қазақи ою-өрнекпен ұлттық киімдерімізді киіп, келіп жатырмыз. Наурызымыз осылай жалғаса берсін»,- дейді келесі бір тұрғын Шолпан Есханқызы.

Думанды тойға келген тұрғындарға сахна маңында түрлі этнографиялық қойылымдар қойылып, зергерлік бұйымдардан жәрмеңке ұйымдастырыпты. Қазақтың тарихынан сыр шертетін көрме бұрышына қолөнер шеберлерінің бұйымдары да қойылды.

«Адамдардың құлшынысы наурызға деген өте тамаша. Наурыз өз деңгейінде өтіп жатыр деп ойлаймын. Өйткені ұлттық киімге қазір сұраныс бар. Қызығушылық бар», - деді қолөнер шебері Жеңісгүл Дәулетова.

Бүгін Алматыдағы Астана алаңында Наурыз мерекесі кең көлемде атап өтілген болатын. Таңнан талмай еңбек еткен өнер жұлдыздары, «Алматы» телеарнасының шығармашылық ұжымы дәл осы алаңнан тікелей хабар таратты. Ел президенті атап өткендей елдің тыныштығы, бірлігі ол халықтың қолында. Ендеше Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

Бірнеше сағат бойы алаңнан алыстамай, мерекелік концертті тамашалаған Алматы жұрты келер жылы да осындай Наурызға жетейік деп қимай тарқасты.

Әлібек Шынтемір, Медет Саматұлы, Жақсылық Тілепберген, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир