Алматыдағы Қалалық патологоанатомиялық бюро БАҚ және әлеуметтік желіде таралған ақпараттарға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бас санитарлық дәрігердің Қаулысына сәйкес, қайтыс болғандардың денелері Қалалық патологиялық-анатомиялық бюро (ҚПАБ) жағдайында міндетті арнайы дезинфекциядан өтеді.
1 шілдеден 7 шілдеге дейінгі кезеңде ҚПАБ-да алдыңғы айлардағы кезеңмен салыстырғанда келіп түскен денелер санының өсуі байқалды. Осыған орай әр денені санитарлық-эпидемиологиялық өңдеуден өткізу және паталогоанатомиялық диагноз қою үшін Патологоанатомиялық бюроның кадрлық құрамы қосымша кадрлармен күшейтілді.
Қала әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасымен Бюро аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында материалдық-техникалық базаны және санитарлық-эпидемиологиялық режимді күшейту бойынша жедел шаралар қабылданды.
Қазіргі кезде мәйіттерді жақын-туыстарына беру ісі штаттық кесте бойынша жүргізілуде.
Марқұмның туыстарына Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтауға, сондай-ақ қайтыс болғандарға келушілердің санын шектеуді ұсынамыз. Бетперде режимін сақтап, сонымен қатар әлеуметтік арақашықтықты ұстау керек.
9 шілде, 2020 жыл, Алматы қалалық патологоанатомиялық бюро