Бас санитарлық дәрігердің Қаулысына сәйкес, қайтыс болғандардың денелері Қалалық патологиялық-анатомиялық бюро (ҚПАБ) жағдайында міндетті арнайы дезинфекциядан өтеді
Алматыдағы Қалалық патологоанатомиялық бюро БАҚ және әлеуметтік желіде таралған ақпараттарға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бас санитарлық дәрігердің Қаулысына сәйкес, қайтыс болғандардың денелері Қалалық патологиялық-анатомиялық бюро (ҚПАБ) жағдайында міндетті арнайы дезинфекциядан өтеді.
1 шілдеден 7 шілдеге дейінгі кезеңде ҚПАБ-да алдыңғы айлардағы кезеңмен салыстырғанда келіп түскен денелер санының өсуі байқалды. Осыған орай әр денені санитарлық-эпидемиологиялық өңдеуден өткізу және паталогоанатомиялық диагноз қою үшін Патологоанатомиялық бюроның кадрлық құрамы қосымша кадрлармен күшейтілді.
Қала әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасымен Бюро аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында материалдық-техникалық базаны және санитарлық-эпидемиологиялық режимді күшейту бойынша жедел шаралар қабылданды.
Қазіргі кезде мәйіттерді жақын-туыстарына беру ісі штаттық кесте бойынша жүргізілуде.
Марқұмның туыстарына Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтауға, сондай-ақ қайтыс болғандарға келушілердің санын шектеуді ұсынамыз. Бетперде режимін сақтап, сонымен қатар әлеуметтік арақашықтықты ұстау керек.
9 шілде, 2020 жыл, Алматы қалалық патологоанатомиялық бюро