|
12.08.2022 | 19:13
2773

Алматыдағы Наурызбай ауданының тұрғындары әкіммен кездесті

Жұрт жол сапасы мен жәрдемақыға қатысты сұрақтарын қойды

Алматыдағы Наурызбай ауданының тұрғындары әкіммен кездесті Almaty.tv

Бүгін Алматыдағы Наурызбай ауданының тұрғындары әкіммен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиын барысында инфрақұрылым мен автобус тапшылығы, жұмыссыздық сынды өзекті мәселелер талқыланды. Одан бөлек, жұрт жол сапасы мен жәрдемақыға қатысты сұрақтарын қойды. Аудан әкімі қарамағындағы жауапты бөлімдерге тұрғындардан түскен арыз-шағымын бақылауға алып, кейін істелген жұмыс нәтижесін баяндауды тапсырды.  

«Мұндай кездесу бізде ай сайын өткізіліп отырады. Бүгін мысалы көпбалалы, жалғызбасты аналар, мүгедектігі бар аналарды шақырсақ, келесіде өзге әлеуметтік осал топтағы азаматтарды шақырып солардың мәселесін қарастырамыз. Желтоқсаншылар мен ауған соғысының қатысушыларын, жетім балалармен кездесеміз. Коммуналдық мәселе бойынша тұрғындарда мәселе болса кездесу ұйымдастырып отырамыз», – деді Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Мирас Нысанәлиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Прямой эфир