Наурызбай ауданында биыл 200 шақырым болатын 320 көшеге жарық жүйесі орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 1 миллиард 800 миллион теңге бөлінген екен.
«Биыл әлеуметтік инфоқұрылымның дамуы аясында аудандағы Шұғыла және Қалқаман шағынауданында 3 мектептің құрылысы салынды. Оның екеуі 1500, үшіншісі 1800 орынға арналған. Алматы қаласы Құрылыс басқармасының тапсырысымен Шұғыла шағынауданында 320 орынға арналған балабақша құрылысы және инновациялық шығармашылық құрылысы жүзеге асырылып жатыр», – деді Наурызбай ауданы әкімі аппараты көріктендіру бөлімінің бас маманы Меруерт Мэлс.
Ал «Халық қатысатын бюджет – 2023» бағдарламасы аясында 47 жоба іске асырылды.
«Халық қатысатын бюджет – 2023» бағдарламасы аясында ауданымызға 1 миллиард 800 млн теңге бөлінген болатын. Халықтың ұсынған жобалары аясында 47 жобаны биыл жүзеге асырдық. Оның ішінде ең үлкен ауқымды жоба – Ақжар және Қалқаман шағынаудандарында 2 үлкен саябақ салынды. Жаяу жүргіншілер жолы аббаттандырылды. Жол инфоқұрылымдары дамыды, сыртқы жарықтандыру жүйелері салынып, жүзеге асырылды», – деді Наурызбай ауданы әкімі аппараты көріктендіру бөлімінің бас маманы Меруерт Мэлс.
2023-жылы емдеу сауықтыру кешенінің құрылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр.
«2023-жылы емдеу сауықтыру кешенінің құрылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Мектеп және 500 орынға арналған емхананың жобалық-сметалық құжаттамасы да әзірленіп жатыр. Сонымен қатар Абай даңғылын қала шекарасына дейін ұзарту, Төле би даңғылының құрылысы жүзеге асырылуы керек. Ақжар және Шұғыла шағынауданында инженерлік желілір құрылысы су және кәріз құбырлары жүргізілгеннен кейін жол жқндеу жұмысы іске асады. Ақжар шағынауданы бойынша қалған 33 көше және Шұғыла шағынауданында 7 шақырымдық 13 көшеге жаңа жол құрылысын салу жоспарланып отыр», – деді деді Наурызбай ауданы әкімі аппараты көріктендіру бөлімінің бас маманы Меруерт Мэлс.