Алматы жастары Конституция күніне орай мемлекеттік тумен жүріп өтті

03.09.2021 00:16

Жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қоры ұйымдастырған шараға 20-ға жуық адам қатысқан

Алматы жастары Конституция күніне орай Әл-Фараби даңғылы бойында мемлекеттік тумен жүріп өтті, деп хабарлайды Almaty.tv

Мақсат-халықтың патриоттық рухын көтеріп, алматылықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Жастар саясатын дамытудың мемлекеттік қоры ұйымдастырған шараға 20-ға жуық адам қатысқан. Осылайша, жастар егемендіктің тірегі–ата-заңды дәріптеуге өз үлесін қосты.