Алматыда Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында оркестр, театр артистері мен әншілер кабриолет автобусымен шаһарды аралап, халықты мерекемен құттықтап жүр, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Автобус аялдамаларда және саябақтарға тоқтап, көрермендерге театрландырылған қойылымдар мен концерттер ұйымдастыруда. Кабриолет автобусы арқылы қала тұрғындары «Алматы аялдамасы» жобасына қатысып жатқан өнерпаздарды еш кедергісіз сырттан бақылай алады.
«Ашық автобустағы артистер Тұңғыш Президент саябағына, 28 панфиловшы-гвардияшылар атындағы саябаққа, Абай алаңына, Арбатқа, Орталық мәдениет және демалыс саябағына, сондай-ақ автобус аялдамаларына тоқтауды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.
Артистер тобы бұған дейін вокзал алдындағы алаңдарға, барахолка маңайына, Жангелдин атындағы скверге, С. Сейфуллин атындағы саябаққа және «Гүлдер» саябағына барып үлгерді.