Алматыда жасыл желектерді суару жұмыстары күшейтілді

inform.kz
inform.kz
Жасыл желектің жағдайын жақсы қалыпта сақтап қалу үшін минералдар мен қосымша қоректік заттар пайдаланылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Күннің ысуымен пайда болатын құрғақшылықпен күресу үшін қаланың барлық аудандарында суару жұмыстарын жиілету туралы шешім қабылданды. Қажеттілігіне қарай кейбір аймақтар күнделікті суарылады, деп хабарлайды Almaty.tv

Жасыл желектің жағдайын жақсы қалыпта сақтап қалу үшін минералдар мен қосымша қоректік заттар пайдаланылады. 

Көптеген аймақтарда суарудың автоматтандырылған жүйесі қолданылады. Сондай-ақ мердігерлер помпаларды пайдаланады,  жүргінші көше бойындағы ағаштар автоматты түрде де, су тасығыш көліктің көмегімен де суарылады. Автоматты суару жүйесі істен шығып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аймақтар қолмен суарылады.

Суару жұмыстары күнделікті түнгі уақытта кестеге сәйкес жүргізіледі. Жоғары өтімділікті қамтамасыз ету үшін кейбір саябақтарда қосымша суару жүйелері іске қосылған.

Суару жұмыстарын 128 бірлік арнайы техника мен 74 мотопомпаның көмегімен 221 адам жүзеге асыруда.

Новости партнеров