|
04.02.2022 | 19:45
3493

Ерболат Досаев қалалық орталық клиникалық ауруханасына барды

Жұмыс сапары кезінде қала басшысы қалтқысыз еңбек еткен дәрігерлерге алғысын білдірді

Ерболат Досаев қалалық орталық клиникалық ауруханасына барды Almaty.tv

Алматы әкімі Ерболат Досаев қалалық орталық клиникалық ауруханасы қызметкерлерімен кездесіп, мекеменің инфрақұрылымдық жағдайымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жұмыс сапары кезінде қала басшысы қаңтар оқиғасында қалтқысыз еңбек еткен дәрігерлерге алғысын білдірді. Тәртіпсіздік кезінде клиникаға 300-ден аса адам көмекке жүгініпті. 250-ден аса операция жасалған.

Кездесу барысында мегаполис әкімі аурухананың қабылдау бөлімін, ота залын, жансақтау және офтальмологиялық бөлімін көрді. Бұдан бөлек, Ерболат Досаев балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығының жаңа корпусының құрылысымен танысты. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Сондай-ақ әкім сала басшыларымен медициналық мекемелерді ары қарай дамыту мәселелерін талқылады.  

«Ауруханаға қатысты қандай күрделі мәселелер туындап жатқаны, сонымен қатар, келешекте ауқымын ұлғайту, медицина сапасын арттыру, медициналық инфрақұрылымды күшейту, жақсарту мәселелері қаралды», - деді қалалық орталық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Ұлықбек Медеубеков.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир