Қала жылыту маусымына 100% дайын
Мегаполис басшысы Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде Алматы тұрғындарының үйлеріне қашан жылу берілетінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Егер күн күрт суып кететін болса, біз нормативті мерзімді күтіп отырмаймыз, ауа температурасы 5 күн қатарынан +8 градус және одан төмен болса, 15 қазанға дейін күтпейміз. Ауа температурасы қолайсыз болған кезден бастап бірден жылу қосатын боламыз. Біз дайынбыз, қала жылыту маусымына 100% дайын», – деп атап өтті Б.Сағынтаев.