Түрксіб, Жетісу және Медеу ауданы аумағында жөндеу жұмысталы жүргізіледі
Алматы қаласының үш ауданындағы ғимараттардың бір бөлігі уақытша ыстық судан ажыратылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласының Түрксіб, Жетісу және Медеу ауданы аумағында орналасқан көшелер мен тұрғынжайларда, бірқатар тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға ыстық су беру шектелетін болады:
27 маусымнан 1 шілдеге дейін:
Рысқұлов – Буровая - Құлжа тракті;
Атырау-1 шағын ауданы;
Шекспир-Эйхе-Жайсан-Терешкова;
27 маусымнан 8 шілдеге дейін:
Рихарда Зорге – Молдағалиева – Чехов - Ақан Сері.
27 маусымнан 18 шілдеге дейін:
Лавренев-Дөңентаева-Соболев-Зимняя;
Гете-Новосибирск-Майлин-Заславский;
Бекмаханов-Свободная-Сүйінбай.
27 маусымнан 19 шілдеге дейін:
Собинов-Монтажная-Поддубный-Беринг.
Шектеулер «Алматыжылукоммунэнерго» ЖШС қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Дереккөз: «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.