|
25.02.2021 | 19:25
2999

Алматыда 12 мың текше метрге жуық қар қала сыртына шығарылды

Алматыда 2021 жылдың 25-26 ақпан аралығында түн мезгілінде қар тазалау туралы ақпарат

Алматыда 12 мың текше метрге жуық қар қала сыртына шығарылды

Алматыда 24-25 ақпанда жауған қарды тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Қалаға 20-30 см, ал таулы аймақтарға және тау бөктеріне 45 см-ге дейін қар түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

25 ақпанда сағат 18.00-де қала сыртына 12 мың текше метрге жуық қар шығарылды.

Түнде қаланың негізгі көшелерінен және жолайрықтарынан қады жаппай сыртқа шығару жоспарлануда, бұл іске 462 арнайы техника бірлігі және 716 жол жұмысшысы жұмылдырылатын болады.

Жол жиегін, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, тұрақ «қалталарын», жер үсті өткелдерін, саябақтарды, скверлерді және басқа да қоғамдық орындарды қардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Аудан әкімдіктерінде тәулік бойына қар тазарту жұмыстарын бақылайтын кезекшіліктер ұйымдастырылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир