Алматының Алатау ауданыда көпбалалы аналарға тігін цехы мен наубайхана ашу үшін ғимарат берілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Ғимарттың аумағы 300 шаршы метр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көпбалалы аналардың кәсіп бастауына қолдау жасалды. Тігін цехы мен наубайхана ашу үшін Алатау ауданынан ғимарат берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ғимарттың аумағы 300 шаршы метр. Мұнда «Бизнес Бастау» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алып, грант ұтып алған 50-ге жуық ана жұмыспен қамтылады деп күтілуде. «Береке» қоғамдық қорының көмегімен жүзеге асқан жоба аясында орталық Әйелдердің бизнес алаңына айналмақ. Бұдан бөлек, орталықта бір терезе қағидаты бойынша заң және психологиялық қолдау көрсететін мамандар болады.

«Менің ойым – «Бизнес бастау» курсын аяқтаған аналарға қандай жолмен болмасын көмек көрсету. Осы мақсатта жан-жақты мүмкіндіктер қарастырдық. Нәтижесінде, осындай ғимаратқа қол жеткіздік. Қазіргі карантин уақыты бірнеше бизнес өкілдеріне кері әсерін тигізгені жасырын емес. Ал, біз қазіргі мүмкіндікті толық пайдаланумыз керек», – деді Алатау аудандық «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі Ақмарал Басирова.

Новости партнеров