Жергілікті әкімдік аумаққа қатысты тексеру жүргізбек
Алматының таулы аумағында үй құрылысы үшін ағаштар кесіліп, өзен бітелген, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал жер – жекеменшікте. Көршілер бұған дейін мұнда жасыл желек жайқалып тұратын еді, экологияға зақым келді дейді. Көптің сөзі жеткен жергілікті әкімдік ендігіде аталған аумаққа қатысты тексеру жүргізбек. Тиісті шара содан соң қабылданады
«Қазіргі қолданыстағы құжаттарға сәйкес жер учаскесінің қожайыны ағаш кесуге құжаттарын рәсімдемей, ағаштарды кесуге мүмкіншілігі бар. Қазіргі уақытта ол жақта су жоқ», – деді Экология және қоршаған орта басқармасының бөлім басшысы Мақсат Қабиденов.