Рухани жиынға белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлы мен филология ғылымдарының докторы Бекен Ыбырайым келіп жастармен ақын туралы әңгіме өрбітті
Алматыда Нұрғиса Тілендиевтің мемориалды музейінде Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жыр алыбы – Жамбыл» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Рухани жиынға белгілі жазушы Жұмабай Шаштайұлы мен филология ғылымдарының докторы Бекен Ыбырайым келіп жастармен ақын туралы әңгіме өрбітті. Нұрғиса Тілендиевтің Жамбыл Жабаевқа арнаған «Ата толғауы» күйінен басталған кездесуде келушілер аңыз тұлғаның өмірі, оның шығармаларының зерттелуі туралы пікір алмасты.