Алматының қандай аудандарында жаңа жолдар көп салынатыны белгілі болды

zakon.kz
zakon.kz
Биыл «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында Алатау, Түрксіб және Наурызбай аудандарының 8 шағын ауданындағы (Өжет, Шаңырақ-5, Самғау, Нұршашқан, Құрамыс, Әлмерек, Қайрат, Алғабас) 415 көшеде 108 шақырымдық жаңа жолдар салынып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы жол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі онлайн-презентация барысында мегаполис аудандарындағы жолдарды жөндеу мен салудың қарқыны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл «Жаңа Алматы» кешенді жоспары аясында Алатау, Түрксіб және Наурызбай аудандарының 8 шағын ауданындағы (Өжет, Шаңырақ-5, Самғау, Нұршашқан, Құрамыс, Әлмерек, Қайрат, Алғабас) 415 көшеде 108 шақырымдық жаңа жолдар салынып жатыр. Бұл шағын аудандарда 153 мыңнан астам тұрғын бар.

Мысалы, Алатау ауданында биыл ұзындығы 45,2 км 43 көшенің жолдарын орташа жөндеуден өткізу, сондай-ақ Шаңырақ-5, Самғау, Өжет, Шаңырақ-1, Алғабас сияқты 5 шағын ауданда ұзындығы 62,8 км 257 көшеге жол салу жоспарланған. Теректі, Боралдай, Мәдениет шағын аудандарында ұзындығы 81,3 км жол салу үшін ЖСҚ әзірленуде.

Бұрын бұл шағын аудандардың кейбіреуінде асфальт жол мүлдем болмаған. Өткен жылы ауданда 42,4 км жаңа жолдар салынды, 75,8 км жолға орташа жөндеу жүргізілді.

Түрксіб ауданында ұзындығы 13,5 км болатын 20 көшедегі жолдарды орташа жөндеуден өткізу, сондай-ақ Қайрат, Әлмерек, Нұршашқан шағын аудандарында ұзындығы 48,7 км болатын 149 көшеге жол салу жоспарланған. Өткен жылы ұзындығы 10,7 км болатын 14 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 3 шағын ауданда ұзындығы 48,7 км болатын жол салу үшін ЖСҚ жасалды.

Наурызбай ауданында ұзындығы 25,7 км болатын 18 көшедегі жолдарды орташа жөндеу жоспарланған, оның ішінде Тастыбұлақ шағын ауданында. Таусамалы шағын ауданындағы ұзындығы 1,2 км болатын Қонаев көшесін екі жолақтан төрт жолаққа дейін ұлғайту жоспарлануда. Құрамыс шағын ауданында 4,9 км жол салу жоспарланған. Ақжар және Шұғыла шағын аудандарындағы ұзындығы 52,3 км болатын 89 көшеге жол салу үшін ЖСҚ әзірленуде. Өткен жылы Қарғалы, Қалқаман-2, Тастыбұлақ шағын аудандарындағы ұзындығы 22,2 км болатын 35 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізілді.

Бостандық ауданындағы Көкшоқы (3,1 км), Асқартау (1,5 км), Бағанашыл-2 (1,2 км), Ақтөбе (1,6 км). Ерменсай (3,2 км), Алатау (4,4 км), Нұрлытау (2,6 км) шағын аудандарында 7,4 км жол салу жоспарланған. Ерменсай (3,2 км), Алатау (4,4 км), Нұрлытау (2,6 км) шағын аудандарында 10,2 км жол салу үшін ЖСҚ әзірленуде.

Сондай-ақ, ұзындығы 17,1 км болатын 17 көшенің жолдарын орташа жөндеу жоспарланған. Оның ішінде ұзындығы 3 км болатын Сәтбаев көшесі Щепетков көшесінен Манас көшесіне дейін магистральді жол болып саналады. Өткен жылы ұзындығы 20,2 км болатын 43 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізілді, 3 бағдаршам салынды.

Медеу ауданында осы жылы ұзындығы 58,5 км болатын 50 көшедегі жолдарды жөндеу жоспарланған. «Думан» шағын ауданындағы ұзындығы 27,4 км болатын 53 көшеде жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы ұзындығы 25 км болатын 28 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді; Думан шағын ауданындағы ұзындығы 3,1 км болатын Хантәңірі, Қазығұрт, Ақмешіт, Бурабай, Қарқаралы, Болашақ көшелеріндегі жолдар күрделі жөндеуден өтті.


Жетісу ауданында жолдарды орташа жөндеу ұзындығы 22,4 км болатын 23 көшеде жүргізілді. Солтүстік айналым - «Адем» СҮ, Солтүстік айналым – Қарасу шағын ауданы, Солтүстік айналым – Шоссейная көшесі қиылыстарына 3 жер үсті өпелі жолдар салынды. Кемел шағын ауданда жаяу жүргіншілерге арналған көпір салу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасалды. Ұзындығы 18,2 км болатын 11 көшедегі жолдарды орташа жөндеу жоспарланған. Кемел шағын ауданында ұзындығы 8,8 км болатын 30 көше салу бойынша ЖСҚ әзірленуде.

Әуезов ауданында ұзындығы 28,1 шақырым болатын 61 көшеде жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Таугүл-3 шағын аудандағы 42 көшеде 18,2 шақырым жол салынды. Биыл ұзындығы 27 шақырым болатын 34 көшедегі жолдарды жөндеу жоспарланған.

Алмалы ауданында ұзындығы 14,7 км болатын 19 көшедегі жолдарға орташа жөндеу жүргізілді, 8 бағдаршам салынды. Әйтеке би көшесі бойымен Байтұрсынов көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейін жол салу үшін ЖСҚ әзірленуде. Ағымдағы жылы орташа ұзындығы 20,2 км болатын 14 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Алматыда ілеспе көлік инфрақұрылымына қатысты 17 шақырым арық пен 83 шақырым тротуар жөнделді. 2021 жылы 96 км тротуар мен 22 км арық желісін жөндеу жоспарланған.

Бұдан өзге, 2021 жылдың 6 айында 38,3 шақырым тротуар мен 11,4 шақырым арық желісі жөнделді.

Новости партнеров