Сағынтаев Алматы мен АҚШ қалалары арасында мәдени-гуманитарлық және бауырластық қарым-қатынасты орнату мәселелерін талқылады

28.11.2020 01:06

Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды

Twitter

Б. Сағынтаев АҚШ Мемхатшысының Білім және мәдениет мәселелері жөніндегі көмекшісі М. Ройспен Алматы мен АҚШ қалалары арасында мәдени-гуманитарлық және бауырластық қарым-қатынасты орнату мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«АҚШ Мемхатшысының Білім және мәдениет мәселелері жөніндегі көмекшісі М. Ройспен мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты дамытып, білім, технология саласындағы бағдарламаларды іске асыру, Алматы мен АҚШ қалалары арасында бауырластық қарым-қатынасты орнату мәселелерін талқыладық», – деп жазады қала әкімі.