Алматыда Абай Құнанбайұлы атындағы мешіт ел игілігіне берілді

06.05.2021 в 00:33

Жетісу ауданында бой көтерген Алла үйін тұрғындар көптен күткен

Алматыда Абай Құнанбайұлы атындағы мешіт ел игілігіне пайдалануға берілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жетісу ауданында бой көтерген Алла үйін тұрғындар көптен күткен. Салтанатты шараға Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасының Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, аудан тұрғындарын құттықтады. Сонымен бірге құрылыс жұмыстарына белсене араласып, демушілік жасаған кәсіпкерлерге алғысын айтты. 

«Бүгінгі мешіттің тағы бір тұсы осы мешітке Абай Құнанбайұлының атаның берілуі. Абай атамыз баршамызға белгілі. Ол – қазақ халқының абыройын әлемге танытқан тұлға. Абай атамыз медреседе оқыған. Оның атын беру арқылы Абайдың ұстанған өсиетін жас ұрпаққа дәріптеу», – деді ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.