Б. Сағынтаев: Алматыда жыл басынан бері бейнебақылаудың көмегімен 1,5 мыңға жуық қылмыс ашылды

Б. Сағынтаев: Алматыда жыл басынан бері бейнебақылаудың көмегімен 1,5 мыңға жуық қылмыс ашылды
780 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы тікелей эфир кезінде полицияның техникалық жабдықталуы және бейнебақылау желісінің кеңеюі туралы айтты, деп хабарлайды Almat.tv.

Бақытжан Сағынтаев атап өткендей, қазіргі заманда жаңа техникалық әзірлемелерді қолданбай қылмыспен күресу мүмкін емес. Сондықтан полиция органдарын жабдықтауға ерекше назар аударылады.

Қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ететін полиция қызметкерлеріне видеорегистраторлардың 529 жаңа буыны сатып алынды. Жақын арада барлық полиция қызметкерлеріне осындай видеорегистраторлар берілетін болады.

Сондай-ақ, 1 мыңнан астам электронды планшет алынды, соның арқасында хаттамалар мен құжаттарды толтыру уақыты едәуір қысқарды. Егер бұрын хаттаманы толтыруға 30-40 минут кететін  болса, қазір бұл уақыт 5-7 минутқа дейін қысқарды.

Бүгінде қалалық Полиция департаментінің Жедел басқару орталығында 4 мың бейнебақылау камераларының көмегімен мониторинг жүргізілуде. Жыл басынан бері камералардың көмегімен 1425 қылмыс ашылды, 780 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Бейнемониториг жүйесінің жобасы әзірленуде, оның аясында қаланың қоғамдық орындарында 3 мың камера орнатылады. «102» мобильді қосымшасы жасалды,енді кез-келген азамат қосымша арқылы онлайн-қоңырау соғып, болған оқиға туралы хабарды тарата алады.

Новости партнеров