Алматыда лаундж бардың иесіне карантин режимін бұзғаны үшін 638 мың теңге айыппұл салынды

Алматыда лаундж бардың иесіне карантин режимін бұзғаны үшін 638 мың теңге айыппұл салынды
Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі бұйрығының талаптарына қайшы
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Карантин режимін бұзған лаундж бардың иесіне 638 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ қолданыстағы объектілерде және қоғамдық орындарда шектеу шараларын сақтауды бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында Алмалы аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде учаскеде заңсыз жұмыс жасаған лаундж бар (кафе) анықталды.

«Алматы қаласы аумағында қолданылған қатаң шектеу шараларына қарамастан, лаундж-бардың бірінің басшылығы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі бұйрығының талаптарына қайшы келді. Шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425 бабы – халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Бұл құқық бұзушылық үшін мекеме иесі енді 230 АЕК – 638 940 теңге көлемінде айыппұл төлеуі керек», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Новости партнеров