«Құрылыс жобамызды тартып алып жатыр». Осылай деп дабыл қаққан «ER-TAU» құрылыс компаниясының өкілдері баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Айтуларынша, мердігер ұйым 2014 жылдың желтоқсанында көппәтерлі тұрғын үй кешенін салу үшін Астана қаласының Кенесары және Шевченко көшелерінің қиылысында орналасқан жер телімін алып, 2018 жылы өз қаражаты есебінен аталған нысанның құрылысын бастаған. Бүгінде нысанның құрылысы бекітілген жоба бойынша 35%-ға аяқталыпты. Алайда, басқа біреулер әккі әрекеттеріне басып, көпшілікті сан соқтырды дейді.
«2020 жылдың желтоқсанында маған «Нұрлы жол-К-2008» компаниясының өкілдері келіп, құрылыс жүргізіп оған инвестор болуға дайын екенін айтқан болатын. Бірақ біз кәсіпкер ретінде алдын ала келісімшарт өткізген болатынбыз. Келісімшартта ешқандай шарт болмаған», – деді ЖШС директоры Мұрат Тасов.
2021 жылы құрылыс компаниясы заңды мүдделерін қорғау мақсатында мемлекеттік мекемелер мен құзырлы органдарға жүгінген. Алайда мәселе шешім таппаған. Компания арызымен Астананың Сарыарқа аудандық полиция басқармасы қалалық прокуратурамен келісе отырып, бастапқыда алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдаған. Алайда зардап шеккен мердігер ұйым материалдық залалдың болмауына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы шешім шығарған. Одан соң аяқталмаған құрылыс нысанын үлескерлерге беру туралы талап арызбен сотқа жүгінді дейді компания өкілі. Қазір «Нұрлы жол-К-2008» компаниясының директоры қамауға алыныпты.
«Тергеу «Нұрлы жол-К-2008» компаниясы келгенге дейінгі біздің жұмысымызды ішінара ғана көрсетіп отыр. Одан кейін 5 мың куб құрылыс жүргізілген. Ол тергеуде көрсетілмейді. Бүгінде іспен де таныстырмайды. Сіздерге осы зарымызды елге жеткізу мақсатында айтып отымыз», – деді адвокат Еркінбек Мыңжанов.
Оқи отырыңыз: Ақтаудағы балабақшалардың бірінде 12 балаға 4 тәрелке тамақ берілген