|
25.07.2023 | 19:42
1874

Алматыда бір мандатты депутаттар бойынша округ картасы әзірленді

Округ картасы Алматы қаласының цифрландыру басқармасымен бірлесіп әзірленді

Алматыда бір мандатты депутаттар бойынша округ картасы әзірленді Almaty.tv

Алматы қаласының мәслихаты бір мандатты депутаттар бойынша округтер картасын ұсынды. Енді алматылықтар мәслихат сайтындағы «Округтер картасы» қосымша бетінде өз округінің депутаты туралы ақпаратты оңай көре алады, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Картадағы әрбір округ депутат туралы толық мәліметтермен, соның ішінде оның фотосуреті мен байланыс деректерімен айқындалған. Сайлау округінің шекаралары да белгіленген.

- Енді әрбір тұрғын картадан мекенжайын таңдап, өз депутатын таба алады. Сонымен қатар, өтініш қалдырып, жеке қабылдауға жазылуға мүмкіндік бар. Бұл қадам тұрғындар мен сайланған депутаттар арасындағы өзара байланысты жақсарту және тиімділікті арттыру үшін жасалды, - деп атап өтті қалалық мәслихат төрағасы Мейіржан Отыншиев.

Айта кетейік, округтер картасы Алматы қаласының цифрландыру басқармасымен бірлесіп әзірленді.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездеседі

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир