Бүгінде қоғам белседілері жастарды жұмыспен қамту мәселесін де ұмытқан жоқ
Биыл мамырда Алматының қоғамдық кеңесі жаңа құрамы бекітілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әр бағыт бойынша жергілікті орган өкілдерімен кездесулер ұйымдастырған топ өкілдері халықтың өзекті мәселелерін бірден назарға алып жүр.
«Қоғамдық кеңес мүшелеріндегі өзгеріс – мемлекеттік дәрежедегі жобалардың ашық талқылауға түсуі. Бұл жерде қоғамдық мүшелердің барлығы тікелей эфирде іріктелеген болатын. Сондықтан қазір қоғамдық кеңес мүшелері аудан әкімдіктерімен кездесу ұйымдастырып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, шешу жолдарын қарастырып жүр. Барлық жиналыс ашық, тікелей эфирде өтеді», – деді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Қайсар Ғазиз
Бүгінде қоғам белседілері жастарды жұмыспен қамту мәселесін де ұмытқан жоқ.
«Мен қоғамдық кеңеске қабылданарда «100 лидер» атты жобаммен келген болатынмын. Жоба мақсаты – студенттерді жұмыспен қамтамасыз ету және кәсіптік дағдыларға бағдарлау. Қоғамдық кеңес аясында менің айналысып жатқан жұмысым жастармен жұмыс. Жобаны 17 облыс 3 қалада дамыту бойынша ісімізді бастап жатырмыз», – деді Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Қайсар Ғазиз.