Алматыда Бас мүфтидің бастамасы бойынша түрлі сала өкілдері бас қосты

Almaty.tv
Almaty.tv
Кездесуде жиналғандар тарапынан бірнеше ұсыныс айтылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Азаттық айбыным, ата дін байлығым». Бүгін Алматыда осындай тақырыпта дөңгелек үстел өтіп, өнер қайраткерлері, спортшылар, ғалымдар мен дін өкілдерінің басын қосты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әртүрлі сала мамандарын бір үстел басына тоғыстырудағы басты мақсат – дініміздің, діліміздің болашағы үшін жан-жақты қызмет ету, ел ынтымағына үлес қосу. Кездесуде жиналғандар тарапынан бірнеше ұсыныс айтылды.

Бас мүфти алдағы уақытта бұл мәселелерді зерделеп, зерттеп көтеретінін жеткізді.

«Зиялы қауым өкілдері, ел сыйлайтын, халық сыйлайтын, халқын сүйетін азаматтар жиналып отыр. Мүфтидің бас болуымен өтіп жатқан көптеген жақсы іс-шараның бірі – осы. Міне, бүгін де кезекті бас қосуға келіп отырмыз», – деді ҚР мәдениет қайраткері Жарылқасын Дәулетов.

«Бүгінгі кездесу нәтижелі, қайырлы, берекелі болсын. Алла қаласа, мұндай кездесулерді алдағы уақытта әлі де жалғастыратын боламыз. Өйткені бір кездесумен барлық мәселе шешіле бермейді», – деді Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы.

Новости партнеров