Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға «Алатау» театрының тұрақты көрермендері мен зейнеткерлер қатысты
Алматыда рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Қымызмұрындық» этнофестивалі өтті. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға «Алатау» театрының тұрақты көрермендері мен зейнеткерлер қатысып, түрлі қойылымдар тамашалады, деп хабарлайды Almaty.tv
Одан бөлек көрме қымыздан жасалған косметикалық бұйымдар да қойылды.
«Қымызмұрындық ол бар. Бұл бір керемет мереке. Қымыздың әртүрлі түрлері бар, соның бәрін таныстыру арқылы кең ауқымда өткенін қалаймыз», ‒ деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының бас режиссері Жұлдызбек Жұманбай.
Қымызмұрындық баяғыдан келе жатқан дәстүрлеріміздің бірі. Яғни құлын байлап, бие сауылған соң алғашқы қымыз ішу рәсіміне ауыл ақсақалдары мен көршілер шақырылады.
«Әрбір мемлекеттің өзінің төлқұжаты бар. Мысалы Бразилияның наурызда өтетін Rio фестивалі бар. Германияның сыра фестивалі бар. Ал біздің қазақтың өзінің төлқұжатына айналған бүкіл әлем мойындаған қымыз сусынын осындай деңгейге көтере алатын болсақ шынымен рухани жаңғырғанымыз болады», ‒ деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының директоры Ринат Зайытов.