Алматыда мәслихат депутаты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды
Ұйымдастырушылар бір күннің ішінде 1000-ға жуық қала тұрғынына көмектескен
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда қалалық мәслихат депутаты Нұрымбек Тау Алатау ауданы әкімдігімен бірлесіп қайырымдылық акциясына бастамашы болды. Олар азық-түлік себеттерін дайындап, мұқтаж отбасыларға таратты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ұйымдастырушылар бір күннің ішінде 1000-ға жуық қала тұрғынына көмектескен. Олар қазақстандықтарды игі шараны қолдап, қайырымдылықпен айналысуға шақырады.
«Осы істі барлығымыз бірлесіп қолға алып жатырмыз. Көмектесіп жатқан халыққа алғысымызды білдіреміз. Бүгіннен бастап осы аудандағы аз қамтылған отбасыларға азық-түлік қорабын таратуды бастадық», – деді мәслихат депутаты Нұрымбек Тау.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
18.10.2026 13:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
19.10.2026 08:10
Апельсин шырынының ағзаға пайдасы қандай
18.10.2026 16:06