|
12.07.2021 | 19:55
4297

Алматының индустриалды аймағында тағы 8 өндірістік кәсіпорын салынады

Өз кезегінде 700 жаңа жұмыс орны пайда болады

Алматының индустриалды аймағында тағы 8 өндірістік кәсіпорын салынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Цехтар кезең-кезеңмен бір-екі жылдың ішінде өз жұмысын бастайды. Зауыттарда құрылыс материалдары, қазандықтар, химиялық жабдықтар, аспаздық өнімдер, алкогольсіз сусындар өндіріліп, Made in Kazakhstan өнімі отандық нарыққа ғана емес, шетелдік нарыққа да шығарылады. Осы жобалардың арқасында 800-ге жуық жаңа жұмыс орны пайда болады.  Бүгінде индустриялдық аймақ отандық өндірісті дамыту үшін ең ірі алаңдардың біріне айналып отыр. Мұнда 16 жоба жұмыс істейді. Олар автокөлік, медициналық бұйымдар, жартылай фабрикаттар, сәулеттік қасбеттер шығарады. 

«Жыл соңына дейін тағы 77 жобаның іске асырылуы жоспарланып отыр. Бұл шамамен, жалпы сомасы 38 млрд теңгені құрайды. Өз кезегінде 700 жаңа жұмыс орны пайда болады. Сондай-ақ, осы жылы индустриалды аймақта тағы 4 өнеркәсіп паркі ашылады»,– деді «Алматы - Индустриалды аймақ» ЖШС директоры Әділ Амралин.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир