|
21.09.2021 | 20:04
1274

Алматыда Тәуелсіздікпен түйдей құрдас 200-ден астам тұрғын бар

Тәуелсіздік құрдастары бүгінде түрлі салада еңбек етіп жүр

Алматыда Тәуелсіздікпен түйдей құрдас 200-ден астам тұрғын бар

Тәуелсіздіктің төл құрдастары бүгінде сан салада, түрлі қызметте. Бар білімі мен күш қуатын ел игілігі үшін арнап жүр. Еркін елде еселі еңбек етіп, жемісін көріп отыр. Еліміздің кемел көшінен қалмауға талпынған олар түрлі бағытта жетістікке жетіп, ел мерейінің мақтанышы атанды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

Ерболат Еркінұлы – Тәуелсіздікпен түйдей құрдас. Бүгінде ұрпақ тәрбиесімен айналысады. Ұстаз. Еңбек жолын ауылдық мектептен мұғалім болып бастаған ол қазір қаладағы мектеп-лицей директорының орынбасары қызметінде. Сапалы кадр болу – сатылап өсуді талап етеді дейді Тәуелсіз ел құрдасы.

«Бізге көп мүмкіншілік берді. Жылдан жылға айлық та қосылып жатыр. Биыл айлықтың қосылып жатқан төртінші жыл, міне. Мұғалім деңгейін арттыру. Биылғы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай болған үлкен сый – Асхат Аймағанбетовтың «Әліппені» қайтаруы. Биыл бірінші сынып оқушыларына «Әліппе» табыстадық», – дейді №90 мамандандырылған мектеп-лицей директорының орынбасары Ерболат Жақыпбеков.

Мемлекет үшін ұрпақ тәрбиесі мен ұлт болашағынан асқан құндылық жоқ. Балаларға үйретуден жалықпай ұстаздық етіп жүрген тағы бір жанның бірі – Құралай Ардаққызы. Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болады дейді ол.

«Қазіргі таңда мен сияқты жастарға көп көмегін беріп жатыр. Соның бір айғағы – жақында «Нұрлы жер” бағдарламасы бойынша баспаналы болдым», – дейді Ш.Смаханұлы атындағы №62 мектеп-гимназиясының мұғалімі Құралай Тағаева.

Білім беру – еліміздің маңызды әлеуметтік саласының бірі. Ел егемендік алғалы бұл бағыт билік тарапынан ешқашан тыс қалған емес. Жыл сайын түрлі реформалар енгізіледі, тың өзгерістер болады. Бәрі де саналы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы іске асып жатқан маңызды міндеттер.

Айта кеткен жөн, Алматыда 200-ден астам Тәуелсіздік құрдасы бар екен.

Ұлағат Арғын, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
тәуелсіздік
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир