Пандемия кезінде тұрғындардың тауға баруы 4 төрт есеге артты: Б. Сағынтаев туризмді дамыту шаралары жөнінде айтты

Фото: Азат Шайкенов
Фото: Азат Шайкенов
Таулы жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өзге де жобалар пысықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматыны дамыту – 2021: көріктендіру және көгалдандыру жобалары» онлайн-таныстырылымы барысында Алматы орталығының тарихи келбетін сақтау және туристік инфрақұрылымды дамыту үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаланың құрылыс саясатының маңызды бөлігі – орталықтың тарихи келбетін сақтау болып табылады, бұл өз кезегінде туристерді қызықтыруға әсер етеді. Тарихи орталықта ғимараттардың қасбеттерін жөндеу мен қалпына келтіру бойынша кешенді жұмыс аясында 156-дан астам үйдің қасбеті жөнделді. 2021 жылы 70 қасбетті жөндеу жоспарланған, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары өз жалғасын табады.

Туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша да кешенді жұмыстар атқарылып жатыр. Пандемия кезінде тұрғындардың тауға баруы да төрт есеге артқандықтан, азаматтарға қолжетімді болуы үшін туристік қоғамдық кеңістіктер құру жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы таулы жерлерде 4 визит-орталық салынды, 1000 км  жаяу жүргінші жолы цифрландырылды, 500 км жол абаттандырылды. Биыл қосымша 172 км тау бағыттары абаттандырылады.

Таулы жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өзге де жобалар пысықталып жатыр. Биыл тауда туристер бағыттан жиі адасып, ұялы байланыс нашар ұстайтын 14 қауіпті аймақ жабылды. Сондай-ақ тауда құтқарушылар пультіне апат сигналдарын беру үшін қосымша 10 радиорелелік мачталар орнатылады.

Новости партнеров