Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны басталды. Есіл өзенінің кейбір тұстарында су деңгейінің айтарлықтай көтерілгені байқалады. Бөгендерден су асып, кей елдімекендерде дауылды ескерту жарияланды. Толығырақ өңірдегі Almaty.tv тілшісі Диана Есім жалғастырсын.
Бүгінде өңірдегі барлық су қоймаларының деңгейі көтеріліп жатыр. Салдарынан Шал ақын ауданында орналасқан көпір су астында қалған. Есіл өзені деңгейінің көтерілуінен бірнеше ауылда жолдар басылып, ауыларалық қатынау қиындаған. Ал Сергеевка су қоймасындағы асып-төгілу мөлшері 60 см-ге дейін жетті. Уақыт өткен сайын бұл көрсеткіш ұлғайып жатыр дейді мамандар.
«Қазіргі уақытта Сергеевка су қоймасындағы су деңгейі 859 см құрайды. Су секундына 180 текше метр жылдамдықпен ағызылады. «Қазгидрометтің» өңірлік филиалы өз кезегінде барлық гидрологиялық бекеттерде ғылыми бақылауларға көшті. Ол жерлерде әр 4 сағат сайын аймақтағы 19 гидропост су деңгейін өлшейді және басқа көрсеткіштерді өлшеп тұрады. Бүгінгі күні облыстың барлық айдындарында судың көтерілуі байқалады», – деді облыстық РМК «Казгидромет» филиалының инженері Роман Гиричев.
Әзірге тұрғын үйлерге дейін үлкен су жеткен жоқ. Төтеншеліктер жағдайды сағат сайын қадағалап, қауіпті учаскелерді назарда ұстап отырғандарын айтады.
«Аймақтық азаматтық қорғау жүйесі күшейтілген режимде жұмысын бастады. Бүгін де біз Есіл, Тимирязев аудандарында қар жамылғысын, ал Шал ақын ауданында ылғалдың көп мөлшерін байқап отырмыз. Біз бүгін біз сол жерге жедел топты жібердік. Соңғы бірнеше күнде біз судың республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға дейін шыққанын байқадық. Су ауылішілік жолдарда да байқалды. Ішкі аула аумағынан еріген суды сору бойынша жұмыстар атқарылуда», – деді СҚО ТЖД басшысының орынбасары Рамиль Камалов.
мамандарының алдын-ала болжамдары бойынша Петропавлға су шамамен 10 күн ішінде келеді. Естеріңізге сала кетейік, облыста су басу қаупі төніп тұрған 79 елдімекен бар.
Диана Есім