Бильярд, көлік жуу және компьютерлік клубтар: Алматыда карантинді сақтаудың күшейтілген мониторингі қалай жүргізілді

15.10.2020 01:09

13-14 қазанда Алматы қаласы бойынша 237 мониторингтік іс-шара өткізілді

Коронавирус инфекциясының жұқтыру жағдайларының тіркеліп жатқанын ескере отырып, Алматы қаласының әкімдігі мегаполис аумағында карантиндік іс-шаралардың сақталуын бақылау бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды Almaty.tv.

Барлығы 26 мониторингтік топ жұмыс істейді, олардың құрамына аудандық әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері, "Атамекен" ҰКП өкілдері және аудандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының мамандары кіреді.

13-14 қазанда Алматы қаласы бойынша 237 мониторингтік іс-шара өткізілді, Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 15.08.2020 жылғы № 56 қаулысымен белгіленген жұмыс режимі бұзылған 75 объект, сондай-ақ, жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан уақытша тыйым салынған объектілердің қызмет ету фактілері анықталды.

Бұзушылықтар келесі нысандарда анықталды: Пушкин көшесі, 25 мекенжайындағы (Медеу ауданы) "Ggg gamer" компьютерлік клубы қызметіне тыйым салу; "Бочонок" мейрамханасы, "Алматы донер" дәмханасы, "Дублин" интернет кафесі (Бостандық ауданы); "Донер Кебаб" дәмханасы, "Хмель" сыра бары, "Самал" дүкені, "Стелла" Автокөлік жуу орны (Жетісу ауданы); 8 ш.а. 37 В үй мекенжайындағы "Абырой" дәмханасы, "Bison" автокөлік жуу орны, "Аквариум" кешені (автожуу, бильярд, кафе), "Eden" дәмханасы, "Gosushi" дәмханасы (Әуезов ауданы); "Айым" дүкені, "Аслан" шаштаразы, "Моника" дүкені (Түрксіб ауданы); "Казахинстрах" сақтандыру компаниясы, "М-ломбард", "Суши Пицца" дәмханасы, "Afiyet" дәмханасы, "Алмалы" дүкені (Алатау ауданы).

Жетісу және Алатау аудандарының мобильді топтарының өкілдері негізгі бұзушылықтардың арасында дезинфекциялық кілемшенің, тепловизорлардың, қызметкерлерді тіркеу журналының болмауы, маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықты сақтамау, келушілер санының артуы және т. б.бар екенін хабарлады.

Мониторинг барысында барлық санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн.

Мысалы, Жетісу ауданының аумағында 2020 жылғы 9-14 қазан аралығында 124 нысанда санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, оның ішінде:

- азық-түлік дүкендері – 53;

- базарлар-13;

- сұлулық салондары – 14;

- қоғамдық тамақтану орындары - 16;

- ТҚКО-13;

- вулканизация-5;

- монша-5;

- стоматология-1;

- автокөлік жуу-1;

- дәріхана-1;

- азық-түліктік емес дүкендер -1;

- қонақ үй-1.

Алматы әкімдігі коронавирустың ықтимал жаңа толқынының басталуына байланысты барлық қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады. Қоғамдық орындарда, адамдар көп жүретін көшелерде, соның ішінде қоғамдық көлікте маска кию вирустың ауамен таралуына кедергі болады. Эпидемиологтардың айтуынша, барлық адамдардың маскаларды қолдануы қоғамда ықтимал науқастан ауруды 90% - ға дейін жұқтыру қаупін азайтады. Қолды өңдеу үшін антисептиктерді де қолдану қажет; мүмкіндігінше - адамдар көп жиналатын жерлерге бармаған жөн.