Биыл Алатау ауданында ұзындығы 64 шақырым жол жөнделеді

Almaty.tv
Almaty.tv
Сондай-ақ 7 ықшамауданда инженерлік желілерді салу жұмыстары басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алатау ауданының 86 көшесінде ұзындығы 64 шақырым жол жөнделмек. Сондай-ақ 7 ықшамауданда инженерлік желілерді салу жұмыстары басталды. Бұл туралы аудан әкімі Азамат Қалдыбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.  

 

Бүгін аудан басшысы Шапағат ықшамауданының халқымен кездесіп, олардың талап-тілегін тыңдады. Көпшілік жол, әлеуметтік мәселелер мен инженерлік желілерге қатысты өз мәселесін айтты. Ал аудан әкімі мұндай кездесулер аптасына үш рет өткізілетінін алға тартты.

«Мемлекет басшысының бұйрығымен әкімдердің халықпен кездесуі, есеп беруі, диалог түрінде өтуі баяғыдағыдай формалдық 20 минуттық баяндамаларды оқу емес, атқарылған жұмыстар пен атқарылатын жұмыспен қысқаша таныстыру түрінде өтеді», - деді Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков.

Ал аудан тұрғындары қордаланған түйткілдерге әкімдіктегілердің құлақ асқанына қуанышты. Енді кез келген мәселені айтып, тез әрі тиімді шешім табуға болады дейді.

«Біз өз проблемамызды айтып келдік. Мен жол және кәріз жүйесі мәселеесін көтеру үшін келген едім. Бүгінгі жиынға әкімдік өкілдері келіп, бізді тыңдағанына өте қуаныштымыз», - дейді Алатау ауданының тұрғыны Мадина Қожамниязова.

Новости партнеров