«Алматы - менің сүйікті қалам» атты ашық аспан астында көрме өткізіледі
Алматы қаласы күні аясында «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК музейлерінде 15 қыркүйекте бірқатар іс-шара өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласы Мәдениет басқармасы «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК Қала күнін мерекелеу аясында қаламыздың жылпы білім беретін мектептері, лицейлері мен гимназияларының 9-11 сынып оқушылары арасында «Мен туған Алматымның тарихын білемін» дәстүрлі қалалық байқаудың қорытындысы бойынша марапаттау өтеді:
1 кезең (байқаудың электронды поштасына жіберілген Алматы қаласының тарихына байланысты очерктер/эсселерді қабылдау және іріктеу) – 2023 жылғы 2-13 қыркүйек аралығы өткізілді.
2 кезең (тест және әңгімелесу) –14 қыркүйек 2023 жылы А.П.Чехов атындағы орталық қалалық кітапханада өткізілді.
15 қыркүйек 2023 жылы сағат 10.00-де Алматы музейінде өтеді.
15 қыркүйек сағат 11.00-де қала күніне орай Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында бірлескен «Алматы - менің сүйікті қалам» атты ашық аспан астында көрме өткізіледі.
Көрменің мақсаты - студенттердің көркем шығармашылығын қолдау, жас суретшілердің шығармашылық мүмкіндігін көрсету, жастардың отандық тарихқа, мәдениетке деген қызығушылығын арттыру.
15 қыркүйекте сағат 15.00-де Қала күнін мерекесі аясында және «Қазақфильм» киностудиясының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматы музейінде «Таспаға түскен тарих» көрмесі ашылады.
Қазақ киносы күніне арналған көрме «Қазақфильм» киностудиясымен бірлесе ұйымдастырылды. Көрмеге «Қазақфильм» киностудиясының музейі мен Алматы музейі қорындағы 100-ден астам жәдігер қойылады.
Көрменің негізгі бөлімінде қазақ киносының негізін салушы Шәкен Аймановтың өмірі мен шығармашылығы туралы айтылады. Оның жұмыс кабинетінің фрагменттері мен жеке заттары ұсынылған.
Көрме залында тарихи жанрдағы («Томирис», «Қасымхан», «Жау жүрек мың бала», т.б.) көркем фильмдерге арналған реквизиттер мен костюмдер де қойылған. Көрме 2 апта бойы жалғасады.
15 қыркүйекте сағат 15.00-де Қала күнін мерекесі аясында Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Open stage» музыкалық байқауы өтеді.
Жобаның мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарының ұлттық аспаптарға деген қызығушылықтарын ояту, өзінің музыкалық қабілетін музей сахнасында көрсетуге жағдай жасау.
Жобаға музыкалық аспапта ойнай алатын 7-25 жас аралығындағы кез келген өнерпаз қатыса алады. Өнерпаздар тек ұлттық аспаптарда ғана емес, сонымен қатар шетелдік аспаптарда да ойнап көру мүмкіндігіне ие болады.
Іс-шара соңынан үздік өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болған қатысушыларға қаржылай марапаттар, естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар беріледі.
Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа кітаптардың тұсаукесері өтті