Әл-Фараби даңғылының жол жөндеу жұмысы кезінде қай көшеде қозғалыс шектеледі

23.07.2023 01:20

Қозғалыс қатысушыларының қауіпсіздігін патрульдік полицияның қызметкерлері қамтамасыз етеді

Алматы қалалық әкімдігі

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында ШААЖ-нан Сейфуллин даңғылына дейін жол жөндеу жұмыстары кезінде жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша нақтылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әл-Фараби даңғылының ШААЖ-нан Сейфуллин даңғылына дейінгі аумақты орташа жөндеуден өткізу кезінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлік қозғалысын арттыру үшін келесі шаралар қолданылады:

- 22 шілде сағ: 23:00-ден 24 шілде 07:00-ге дейін даңғылдың солтүстік жағында полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша толық шектеледі;

- 23 шілде 07:00-ден 00:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылының оңтүстік жағымен ШААЖ-нан (Жарбұлақ өзені маңы) Марков көшесіне дейін реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Даңғыл бойынша шығыс және батыс бағыттағы көлік жолағының санын қалыптасқан көлік жағдайына қарай патрульдік полиция қызметкерлері анықтайды;

- қараңғы уақытта жол көлік оқиғаларын болдырмау үшін 24 шілде сағ. 00:00-ден 07:00 аралығында даңғыл бойынша батыс бағытта (ШААЖ-нан) көлік қозғалысы толығымен шектеледі;

- 22 шілде 23:00-ден 24 шілде 07:00 аралығында Достық, Назарбаев даңғылдарынан, Меңдіқұлов бульварынан, Батыс Желтоқсан көшесінен Әл-Фараби даңғылына бұрылыстар батыс бағытта жабық болады. Жөндеу жұмыстарын Достық, Сейфуллин даңғылдарымен және Сәтбаев көшесімен айналып өтуге болады.

- ШААЖ-нан Достық даңғылына бұрылатын жол ашық болады.

Қозғалыс қатысушыларының қауіпсіздігін патрульдік полицияның қызметкерлері қамтамасыз етеді.  

Жол жөндеу жұмыстары туралы соңғы ақпарат (https://t.me/AlmatyJoly/118) мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында, сонымен қатар, 2ГИС қосымшасында қолжетімді болады.