Алматыдағы Жансүгіров көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

09.09.2023 01:21

Жол жүру бағытын алдын-ала жоспарлап алған жөн

caravan.kz

Жолайрық құрылысына байланысты Жансүгіров көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысындағы көлік жол айрығы құрылысы» нысаны бойынша құрылыс-монтаждау жұмысының жүргізілуіне байланысты 8 қыркүйек сағат 23:00-ден 2023 жылғы 9 қыркүйек сағат 15:00-ге дейін Жансүгіров көшесінің Дарвин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі.

Көлік қозғалысы Дарвин, Қоянды және Ломоносов көшелері арқылы жүзеге асырылады. Іргелес көшелерде өзгеріс жоқ.

Көлік қозғалысының шектелуіне байланысты келесі маршруттардың схемасына уақытша өзгеріс енгізіледі:


  • №17 солтүстік бағытта – Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров к-сі – одан әрі сызба бойынша;
  • №17 оңтүстік бағытта – Жансүгіров к-сі – Сейфуллин даңғылы – одан әрі сызба бойынша;
  • №123 солтүстік бағытта – Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров к-сі – одан әрі сызба бойынша;
  • №123 оңтүстік бағытта – Жансүгіров к-сі – Сейфуллин даңғылы – одан әрі сызба бойынша;
  • №73 батыс бағытта – Мақатаев к-сі – Сейфуллин даңғылы – одан әрі сызба бойынша;
  • №73 оңтүстік бағытта – Сейфуллин даңғылы – Мақатаев к-сі – одан әрі сызба бойынша.


Жол жүру бағытын алдын-ала жоспарлап алған жөн.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі автобуста зейнеткерге араша түскен қызды марапаттады