«Мектепке жол»: Наурызбай ауданында көпбалалы отбасына қолдау көрсетілді

24.08.2022 01:23

Алматыда мәслихат депуттары 1000-нан астам баланы сабаққа қажетті құралдармен қамтамасыз етті

Almaty.tv

Алматыда мәслихат депуттары «Мектепке жол» акциясы аясында 1000-нан астам баланы сабаққа қажетті құралдармен қамтамасыз еткен, деп хабарлайды

Игі іс бүгін Наурызбай ауданында жалғасып, көбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетілді. Ұйымдастырушылар жаңа оқу жылына дейін қайырымды жандарды тартып, осындай іс-шаралар санын арттыруды көздеп отыр.

«Жыл сайын дәстүр бойынша біздің депутаттар, Аманат партиясы аталмыш акцияны ұйымдастырады. Осындай көмек алуға кезекте адамдар әлі бар. Біз қазір демеушілер іздеп жатырмыз», – деді Алматы қалалық мәслихатының хатшысы Станислав Канкуров.

«Қазір білесіздер бәрі қымбат. Мысалы форма, сумка, дәптер қымбат. Соған қарамастан үйдегі 1 балаға қажетті затты алсақ, бізге жеңілдік болады, рақмет», – деді көпбалалы ана Әйгерім Дәулетқазықызы.