|
16.04.2021 | 23:49
5716

Алматыда жұмыс істейтін жастарға пәтер кілті табысталды

«Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 30 үміткер жалдамалы тұрғын үйге қол жеткізді

Алматыда жұмыс істейтін жастарға пәтер кілті табысталды

Алматыда жұмыс істейтін жастарға жаңа пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 30 үміткер жалдамалы тұрғын үйге қол жеткізді. Жаңа қоныстанушылар үйлерін қабылдау актілеріне қол қойып, пәтерлерін қарап шықты. Өткен жылы салынып бастаған бес қабатты тұрғын үйлер «Аlma Сity 5» жаңа шағын ауданында орналасқан.

«Мына бағдарлама жас отбасыларға, жас мамандарға үлкен мүмкіндік. Осындай 1 бөлмелі пәтер беріп жатқан үкіметке рақмет. Былай енді пәтердің кілтін алдық. Көңіл күй өте жақсы», – деді қала тұрғыны Сейілхан Айдарқұлов.

«Almaty-zhastary.kz сайтына кіріп, сол жерден өтініш қалдырдық. Бірақ, қараша айында қалдырған болатынбыз. Тура 2 апта өткеннен кейін барлық жауабы шықты. Отбасыммен, жолдасыммен тұрамын», – деді қала тұрғыны Айдана Советбаева.

Жалдамалы үйге қол жеткізген жастар пәтерде 5 жылға дейін тұра алады. Айына небәрі 10 мың не 15 мың теңге аралығында төлеп, ақшасын үнемдейді деген сөз.

«Жұмыс істейтін жастарға арналған бағдарлама бойынша жалпы 350 пәтер қарастырылған. Соның 170-і наурыз айының аяғынан бүгінге дейін қоныстанып, пәтерлерінің кілтін алып жатыр», – деді Жайлы қалалық орта басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Олжас Тәжібаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир