Діни басқарманың төрағасы карантиндік талаптарды сақтай отырып, «Берекелі Рамазан сыйы» атты қайырымдылық іс аясында 400 себет зәру отбасыларға үлестірілетінін жеткізді
Ерекше баласы бар 100 отбасына және мұқтаж 400 отбасыға көмек көрсетілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қазіргі қызметі 7 бағытты қамтиды. Соның бірі де бірегейі – қайырымдылық. Берекелі Рамазан айында басқарманың Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» қайырымдылық марафоны аясында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы шараның басында сөз сөйлеп, азық-түлік себеттерін өз қолымен табыстады.
«Біз үшін бүгін өте ерекше күн болып тұр. Өйткені Алматы қаласындағы орталық мешіттің ұйымы тіркеуде тұрған 100 отбасына, ерекше балаларымызға және солардың отбасына қайырымдылық көмегін көрсетіп жатыр. Сондықтан да біз өте қуаныштымыз», – деді ерекше балалармен жұмыс істейтін бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Шайыққызы.
Сондай-ақ, діни басқарманың төрағасы карантиндік талаптарды сақтай отырып, «Берекелі Рамазан сыйы» атты қайырымдылық іс аясында 400 себет зәру отбасыларға үлестірілетінін жеткізді.