Алмалы ауданында 4 мониторингтік топ күні-түні жұмыс істеп жатыр

almaty.tv
almaty.tv
Назарбаев даңғылының бойындағы 2 мекемеге тәртіп бұзғаны үшін хаттама толтырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда карантин талаптарын сақтамайтын кәсіпкерлік нысандар азаймай тұр. Сол үшін қалалық штабтың мамандары күні-түні рейд жүргізіп, ережеге бағынбаған мекемелердің жұмысын әшкереледі. Олардың арасында осыған дейін де бірнеше мәрте тәртіп бұзған мейрамханалар бар. Толығырақ Almaty.tv тілшісі өрбітсін.

Қалалық штабтың мамандары өткен демалыс күні Медеу ауданына тексеріс жүргізіп, Назарбаев даңғылының бойында орналасқан мекемелердің үстінен түсті. Мұнда келушілердің көптігі соншалық іші де, сырты да адамға лық толы. Арақашықтық сақталмаған, санитарлық талаптар өрескел бұзылған.

«Алматы қаласы «қызыл» аймақта болғандықтан, рейд жұмыстары күшейтілген түрде жүріп жатыр. Аудан кәсіпкерлерінен санитарлық нормаларын сақтауын сұраймыз. Келген қонақтардың денсаулығына жауапкершілікпен қарайық. Рейд жұмыстары алдағы уақытта да жалғаса береді», – деді Медеу аудандық кәсіпкерлер палатасының өкілі Думан Әбілдаев.

Тексеруші мамандар көп ұзамай әл-Фараби даңғылының бойында орналасқан мекемеге де барып, карантиндік тәртіп бұзылғанын анықтады.

Бұл мекеме осыған дейін де бірнеше мәрте тәртіп бұзып көзге түскен еді. Бұл жолы түнгі сағат 2.00-ден асып кеткеніне қарамастан жұмыс істеуін тоқтатпаған. Сол себепті мамандар анықталған фактілер бойынша тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Кейін мамандар мейрамхана әкімшісіне әдеттегідей хаттама толтырып, әрі қарай тиісті органдарға жолдады. Айта кетейік, Asyq бағдарламасымен түнгі сағат 2.00-ге дейін ғана жұмыс істеуге рұқсат.

«Бүгінде Алмалы ауданында 4 мониторингтік топ күні-түні жұмыс істеп жатыр. Сонымен қоса, Назарбаев даңғылының бойындағы 2 мекемеге тәртіп бұзғаны үшін хаттама толтырдық. Мұндай тексеріс жұмыстары күн сайын бола береді», – деді Медеу аудандық кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Арсен Шымбергенұлы.

Медеу аудандық мониторингілеу тобы соңғы аптада 300-ден астам мекемеге тексеріс жүргізіп, 8 кәсіпкерге хаттама толтырған.

Мерей Қанапиянов, Сағынғали Мұңайтбасов «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров