Алматыда арық желілері қалай тазартылып жатыр

Pixabay
Pixabay
Жұмыс нәтижесінде 4,5 тонна қоқыс пен тұнба шығарылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2022 жылғы 18 наурызда Алматы қаласы аудандары әкімдіктерінің мердігерлік кәсіпорындары арық желілері мен арық өткелдерін тазалады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Су басудың алдын алу және жою үшін аудан әкімдіктерінің 650 жол жұмысшысы, 266 бірлік арнайы техника және 24 мотопомпа жұмылдырылды, 2000 құм салынған қап дайындалды. Жұмыс нәтижесінде 4,5 тонна қоқыс пен тұнба шығарылды», - делінген қалалық әкімдіктің баспасөз хабарламасында.

Наурыз айында басталған жаңбыр кезінде кездейсоқ тұрмыстық қоқыстардың жиналуына, өткізу қабілетінің төмендігіне, диаметрлерінің аздығына және жолдардың жүру бөлігі астындағы жерасты арық өткелдерінің ақауларына, жол төсемінің опырылуына, сондай-ақ қарама-қарсы еңістер мен тұйық арық желілеріне байланысты арықтардан нөсер суының құйылу жағдайлары тіркелді.

ТЖД мәліметінше, 18 наурыз күні сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 23 су тасқыны тіркелді: олардың 8-і расталмады, 7 жойылды, қалған 8 учаске бойынша жұмыстар жалғасуда.

Новости партнеров