Алматыда соңғы уақытта тұрмыстық өрттің саны күрт артқан. Оны төтеншеліктер сарышұнақ аязбен байланыстырады. Сөздерінше, жылыту маусымы басталғалы бері 40-тан астам монша жанып кеткен. Сондықтан алматылық төтеншеліктер халыққа түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар енді ережелерді бір парақпен емес, заманауи жаңа тәсілмен айтып көрсетпек. Яғни, әрбір таратылатын қағаз ішінде QR-код болады. Егер телефонды жақындатып, кодты сканерден өткізсеңіз, Төтенше жағдайлар департаментінің инстаграмдағы жеке парақшасы шығады. Онда мамандар өрт қауіпсіздігіне қатысты ақпараттарды үзбей салып отырамыз дейді.
«Бұл жерде өрт қауіпсіздік шаралары мен ережелері жазылған нұсқаулық. Сөзбен және фотомен бейнеленген. Әлеуметтік желі арқылы халыққа тез жеткізу үшін осындай QR-код ойлап таптық», – деді Бостандық ауданы төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Данияр Ғаниев.