Әкімнің қолдауымен жарық көрген кітап

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өткен жылы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы ақын-жазушыларға 500 мың теңгеден грант табыстаған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Шүу» деген сөздің өзі көтерем атқа күш береді. Осылай деген ақын әкім  берген қаражат шығармашылыққа шындап шабыт берді дейді. Естеріңізде болса, өткен жылы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы ақын-жазушыларға 500 мың теңгеден грант берген еді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сертификат алғандар қомақты қаржыға кітап басып шығарып, шығармашылығын дамытыпты. Жазушылар одағы басқармасының хатшысы Ғалым Қалибекұлы берілген гранттар шығармашыл жандарға қолдау болды дейді.

«Шығарма жазу үшін бұл бір кәдімгі жүйрікке қамшы салғанмен бірдей болады. Екіншіден, біраз жазушылар, біраз емес көп жазушылар өзі қаржыландырып, өзі кітап шығарады. Бұл да еңбегін топтап, тасқа бастырып жарыққа шығару үшін осы жағынан да әжептеуір көмек болды», – деді ҚР Жазушылар одағы басқармасының хатшысы Ғалым Қалибекұлы

Ғалым Қалибекұлы қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қолдауымен екі құнды кітаптың жарық көргенін де айтты. Оның бірі «Қазақстан жазушылары» деген 600 беттік анықтамалық кітап. Онда өмірден өткен және осы күнгі қаламгерлер бар. Екіншісі – «Әдеби өмір, фото шежіресі». Бұл альбомда қаламгерлердің көп жерде жарияланбаған суреттері жинақталған. Екі кітаптың да электронды нұсқасы жазушылар одағының сайтына салынады. Айта кетейік, қала басшысы Бақытжан Сағынтаев былтыр ақын-жазушыларға арнайы грант бөліп, салтанатты түрде табыстаған еді.

Новости партнеров